Жазғы түн – Еділбек Дүйсенов

Бұл бетте «Жазғы түн» атты Еділбек Дүйсенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1602
Жұлдызды көрпесін жайды түн,
Толықсып туыпты, ай бүтін.
Сағына сүйеді самалы,
Жаныма тиеді жайлы тым.

Сан баурар, жазғы түн сәнімен,
Сұлулық, өмірдің мәні ме ең!?
Кең далам тынығып жатқандай,
Маужырап, шегіртке әнінен.

Тамсанам, кепкендей тандырым,
Аңсаған, жеткендей таң нұрым.
Самсаған көктегі жұлдыздай,
Жанса ғой, жарқырап ән-жырым!

Бір сәтте айналып балғынға,
Арманға арбалып қалдым ба?!
Батпан мұң ғайып боп бойдағы,
Шаттандым, шалқалап шалғынға.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жазғы түн өлеңінің авторы кім?

Еділбек Дүйсенов — осы өлеңнің авторы.

Жазғы түн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жазғы түн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Еділбек Дүйсенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жазғы түн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері