Сенімімді сетінетпе – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте «Сенімімді сетінетпе» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Сенімімді сетінетпе,
Беретұғын сен емес пе ең жанға дем,
Көз жанарың алдай алмас аңғал ең.
Сенің сырың –
қазір бейне түн-тылсым,
Менің жырым –
таусылмайтын таңғы әлем.
Күдігім көп көкіректе,
Соның бәрін серпіп тастар қайда үнің,
Үнсіз әлем.
Қанатын кең жайды мұң.
Мылқау мұңды пенделіктен көтеріп,
Алып кетші,
аспан ару,
Ай-бұрым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сенімімді сетінетпе өлеңінің авторы кім?

Сағыныш Намазшамова — осы өлеңнің авторы.

Сенімімді сетінетпе өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сенімімді сетінетпе өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағыныш Намазшамова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сенімімді сетінетпе өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері