Даламның келбетін-ай

Бұл бетте «Даламның келбетін-ай» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1437
Қалып жатыр кең дала дөңгеленіп,
Кейбір соқпақ тірелген дөңге келіп.
Келбетіне даламның қызығумен,
Мен келемін бақытқа он бөленіп.
Бір шетінде құлпырған көгіменен,
Тебіренем жүректен төгіп өлең.
Бір шетінде ақ көрпе қары жатыр,
Қабырғасы әлі де сөгілмеген.
Бір шетінде асқарлы тауы жатыр,
Бір шетінде бақшалы бауы жатыр.
Көлі болсын, шөлейтті жері болсын,
Бір-бірімен үйлесім тауып жатыр.
Айқай шіркін, далам-ай, келбетіңнен,
Толқын атқан теңіздей тербетілген.
Дүниенің кезсем де төрт бұрышын,
Сендей жерді табам ба жер бетінен?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Даламның келбетін-ай өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Даламның келбетін-ай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Даламның келбетін-ай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Даламның келбетін-ай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері