Естелік – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Естелік» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 3503
Қазір бақилық болган жақын жолдасын Аманкелді Әбдугалиевтің көзі тірісінде өзіне оқып берген өлеңім бұл.

Көп жайлар бар көңілімді қозғаған...
Мұндай кезде әзіл жақсы аздаған.
Менің досым Аманкелді бір кезде,
Оралда қап, диктор бола жаздаған.
Деген сөз бар: «Қуған жетер мұратқа»,
Арман шіркін жетелейді жыраққа.
Қарлығаштай қанатымен су сеуіп,
Туған жерде жүрген жақсы бірақ тa.
Елеулі бір ұлым дейді Тайпағың,
Мұны талай мен өзім де байқадым.
Жақсылыққа жаны жақын жандарды,
Қартаймайды деп сеніммен айтамын.
Жас ұлғайса, тартар көңіл салқынға,
Алқынба, дос, ақ алмастай жарқылда,
Шіренгендер көкті тіреп тұрған жоқ,
Қала берші осы елгезек қалпыңда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Естелік өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Естелік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Естелік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Естелік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері