Бұл бетте «Батырдың ұрпағысың» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
(Серікбай Өрікбайұлына)
Тіршілік шығармайды төрге бірден,
Жетілген азаматсың еңбегіңмен.
Ту тіктің елу бестің белесіне,
Кеудеңді биік ұстап өр көңілмен.
Үңіліп ойлы көзбен бұл өмірге,
Сүйесің қыр елін де, Сыр елін де.
Халқыңа қаршадайдан қызмет еттің,
Намыстың оты маздап жүрегіңде.
Батырдың ұрпағысың ел таныған,
Өзіңдей некен-саяқ дархан ұлан!
Қазақтың біреуімін сусындаған,
Көңіліңнің мөлдір таза кәусарынан.
Жүрекпен сезіп елдің бар тынысын,
Жасаған көз алдыда жарқын ісің!
Тынбасын қыран құстай талпынысың,
Жасай бер, жан бауырым, халқың үшін!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі