Ауыл – Еділбек Дүйсенов

Бұл бетте «Ауыл» атты Еділбек Дүйсенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1339
Ауырды, міндет - арқалау,
Ауылдан ба едің, қалқам-ау?!.
Қоңсылар тұрар қол бұлғап,
Жол шығар одан сан тарау...

Аспаны тұтас көрінген,
Түтіні көкке өрілген.
Толағай шығар төріңнен,
Төбеті кем бе, бөріңнен!?

Бойымды билеп, жаулады,
Бауырға тартып баулары.
Далиған дала-кеңпейіл,
Тәкаппар емес таулары.

Қысардай ауыл, жадырап,
Құшағына алып, қазір-ақ.
Жаныма сіңіп жатады,
Жусанның исі жамырап.

Жұмбақ бір мейірім арбай ма,
Ауылды сүймес жан қайда!
Табынам оған Тәңірдей,
Сағынам, кетсем шалғайға.

Шүпірлеп шуақ жататын,
Таңы да бөлек ататын.
Қымсынған қыздай қызарып,
Күні де бөлек бататын.

Жайнасын десең, нұр-өңдер,
Тірлікке мынау рең бер!
Қайтесің, арман әрқилы,
Іздейді жұмақ біреулер.

Жеткізбес, жұмақ-сағым ба,
Естігем бала шағымда.
Тозаққа таныс емеспін,
Ал, жұмақ, туған ауылда!

Көңілім қалай жасанбас,
Өмірім қалай жасармас.
Қандай бір көркем қала да,
Аулымның орнын баса алмас!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ауыл өлеңінің авторы кім?

Еділбек Дүйсенов — осы өлеңнің авторы.

Ауыл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ауыл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Еділбек Дүйсенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ауыл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері