Өлең, жыр, ақындар

Сырлы дем

Айыға алмай жүрмін ауыр дертімнен,
Қайдасың, тылсым? Кел де тапшы емін.
Үкілеп қана шығып, үнім бүркенгем,
Кеше ғана хан едім мен, патша едім.

Құдай атқан бейнемді көрші мендегі,
Бір мұңымның екі дүние өлшем кеңдігі.
Жалғанға жалт қарап үміт іздерім сол шақ,
Асқына түсіп барады белгісіз күнім ертеңі.

Сырласам кейде өзімді езген түнмен,
Қойса да шығарар емес қараңғы іннен.
Нақ қояр ем, қасымда болсашы қимас,
Кешсе де күйімді әлі де безінбеген.

Кеш берсе де бақ, мен еш кеш демедім,
Ұлыған тағдырға да қарсы, өштенбедім.
Қанжардай қылышын сілтеп, сынға салды,
Сірә, осы болар мен ғаріптің біткен жерім.

Өтермін-ау бір күн, қалаусыз, үнсіз ақ,
Мүмкін бүгін, ертең ақ сұрып орап ап.
Табылар ма ем, дертімнен құтылар ма?
Қол созар ма бір белгі, жанды жарылқап.

Тарылып тыныс, сиқырға еріксіз иілгем,
Өмір жүгінен көңілім де талай күйінген.
Өксіп талып, сөнерде бірге тілдессек,
Жүректің соңғы сыры құтқар деп сүйінген.

Рухани рух беріп ғана әлсіз тәніме,
Болашақпен тағы да бір өрге серміме.
Шипаңды әкел, сейілсін терең тағынан,
Келмесең, сүрінер бәрі. Сендік белгі ме?

Көзім жұмсам, жер жүзі жоғалар секілді,
Бір дем бе қалды, мүмкін бақыт бекінді?
Жақындап келші, сөнген мың жарық боп,
Сен ғанасың шығаратын түнектен мені.

Автор: Оразбай Сарыбаев



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз