Өлең, жыр, ақындар

Таңғы тамшы

Емеспін айды да, күнді ұстаған,
Елеспін көктегі гүлді құшпаған.
Ғашықпын жердегі бір аруға,
Ай емес, айдың оған өзі ұқсаған.

Тербелген ақ бұлттың ішіндемін,
Білемін, мені жерге түсірмесін.
Жаңбырмен жолдайын сәлемімді,
Жүрегім себелеп, дүрсілдесін.

Көңілімнің көктем кешінде мен,
Түсіңе ендім бе, шексіз есіңде ме?
Адамға мұнша бауыр баспаған ем,
Есіріп бара жатыр есіл кеудем.

Иіліп сезім, тасынып, жай ұғымда,
Елесім шын сол қызды сағынуда.
Түссем екен тамшыдай жерге сіңіп,
Құйыла кетіп махаббат айдынына.

Қиялдағы сүйіктіден бақ келер ме?
Бұйырмаған бақыт таптым ба әлде?
Әр сәтте де көрмесем сыздап жаным,
Қалықтап жүр биікте мендік бейне.

Автор: Оразбай Сарыбаев



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз