Құтсыз көбелек
- 0
- 0
Көз жеткісіз көк алап,
Келеміз біз аралап.
Жел сабақты шайқаған,
Сабақ желге айтады ән.
Бұл бетте «Мақтанамын мен Мағжандай алашпен!» атты MereiShakrat жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көз жеткісіз көк алап,
Келеміз біз аралап.
Жел сабақты шайқаған,
Сабақ желге айтады ән.
Сағымды түсте күн қызып,
Көзіңе түссе комбайн.
Көрінеді екен, бір қызық,
Шөгеріп қойған нардайын.
Аттанды соңғы жорыққа,
Алты бірдей комбайн.
Күн шықты көк иыққа
Қызартып аспан таңдайын.
Үйінде болдым біраз күн
Жанымен жарқын туысып.
Оңаша оймен жыр жаздым,
Төңірек толы тыныштық.
Ел ырысын жинасқан
Егінім мол күндері,
Сенің жаның бір дастан,
Дағыстанның гүлдері.
Шығарып салған, жан досым,
Алғысымды ал да, аялда.
Әрине, маған жол болсын,
Жақсылық болсын саған да!
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі