Қазақтың асылы – Yerlan

Бұл бетте «Қазақтың асылы» атты Yerlan жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Аңсап келген "Атажұртым, тегім" деп,
"Ата-бабам қимай кеткен елім" деп!
Тағдырымен таңғалдырған тарланның
Таңбасы бар атамекен жерінде.

Салауатты күнге ұран тастады,
Тамсандырып егемендік жастарын.
Сенім мен Рух мектебінде ұрпақты
Саламатты болашаққа бастады.

Отаншылдық оты жанған көзінде,
Өзінде бар, өжеттігі - сөзінде.
Еміренген есіл ердің есімі -
Елжіреген жүректерде, сезімде!

Адамзат таңына
арнаған табысын.
Адалдық, Арына
қайраған намысын.
Мұстафа Өзтүрік -
Жаңа Күн жасыны!
Мұстафа Өзтүрік -
Қазақтың асылы!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақтың асылы өлеңінің авторы кім?

Yerlan — осы өлеңнің авторы.

Қазақтың асылы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қазақтың асылы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Yerlan өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қазақтың асылы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар