Партизандар моласы – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Партизандар моласы» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2649
Еш дыбыс маңайында білінбейді,
Жел үрлеп қалың жусан күбірлейді.
Көзіңе өткен күндер елес беріп,
Алыста ат тұяғы дүбірлейді.
Астында күрең қасқа аты ойнаған,
Қасқайып қан майданда атойлаған.
Өтеді көз алдынан Аманкелді —
Ерліктің екі көзде оты ойнаған.
Құйды күн жасын оты шатырлаған,
Сол оттай қылыштар не жарқылдаған?
Қаладан қарақшылар шегінген ғой,
Құлақта мылтық даусы шаңқылдаған.
Бұлар кім, қалжыратқан азап, тұтқын
Партизан — ұлдары ғой азаттықтың.
Олардың омырауына қадалды оқтар,
Егіл жер, еңіре өзен, аза тұт күн!
Ақты қан, көпке дейін тыйылмады,
Қаралы ыңыранды күй ырғағы.
Қан төгіп жеткен осы бостандықтың
Оларға бал жемісі бұйырмады.
Еш дыбыс маңайында білінбейді,
Жел үрлеп қалың жусан күбірлейді.
Көзіңе өткен күндер елес беріп,
Алыста ат тұяғы дүбірлейді.
1956
* * *
Шулады орман кешкілік,
Жел артынан жауды қар.
Теңіз жатты тепсініп,
Сыңсыды жас қайыңдар.
Көк жүзіне біріндеп,
Көтерілді жұлдыздар.
Даусың кетті дірілдеп,
Кірпігіңде бір із бар.
Кетіп қалдың көрсетпей,
Тамшы жасын көзіңнің.
Тал бойындай өзіңнің,
Нәзік еді сезімің.
Сол екен ғой кім білген,
Жолығысу ақырғы.
Өткен күндер гүлдермен,
Түсіме еніп шақырды.
Шулады орман кешкілік,
Жел артынан жауды қар.
Теңіз жатты тепсініп,
Сыңсыды жас қайыңдар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Партизандар моласы өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Партизандар моласы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Партизандар моласы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Партизандар моласы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері