Аттары мәлімсіз достар

Бұл бетте «Аттары мәлімсіз достар» атты Сырбай Мәуленов жазған достық туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2959
Самолеттермен гурілдеп,
Алдымнан тағы шықты ұрыс.
Жөнелді жанып дүрілдеп,
Жататын орман тып-тыныш.
Дұшпан тұр өлім себелеп,
Жаралы жанмын қарусыз,
Өзімдей жатыр мүгедек,
Арыс жігіт, ару қыз.
Кереге көзді ақ оттар,
Аспанға жатыр ау құрып,
Қорғайды бізді солдаттар,
Зениткамен жауды ұрып,
Аяқ-қолым таңулы,
Жатырмын жерде қарусыз.
Қорғайды достар жанымды,
Аттары маған мәлімсіз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аттары мәлімсіз достар өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Аттары мәлімсіз достар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аттары мәлімсіз достар өлеңі не туралы?

Бұл шығарма достық туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Аттары мәлімсіз достар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері