Ғазиз ана – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Ғазиз ана» атты Сырбай Мәуленов жазған ана туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 6821
Бір күні дүниеге қарадым мен,
Ну орман жатты өзен алабы кең.
Жайқалды қыз табиғат қызыл гүлмен,
Бәрін де жылытты күн жанарымен.
Ойладым: бесіктегі бөбек едім,
Мен кімге ол кездерде керек едім?
Шырқырап шыбын жаның үстімде боп,
Мен үшін ғазиз ана не көрмедің?!
Алысып алтай қыстың боранымен,
Жылы етіп жөргегімді орадың сен.
Нұр құйдың,
нұрмен бірге жыр да құйдың,
Өзіңнің күн сияқты жанарыңмен.
Бір күні тік басуға жарадым мен,
Сол сол-ақ қияға ерлеп барамын мен.
Ержетіп есейгенім есіңде жоқ,
Көтеріп келесің сен бала күннен.
Қуанып көз алдыңда жүргеніме,
Құмарсың менің келер күндеріме.
О, ана, жетсе екен кәрі өмірің,
Қартайған шағымды да бір көруге.
1956


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ғазиз ана өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Ғазиз ана өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ғазиз ана өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ана туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ғазиз ана өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері