Ақынды жұбату – Қонақбай Саттаров (Қожа-Нияз)

Бұл бетте «Ақынды жұбату» атты Қонақбай Саттаров (Қожа-Нияз) жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Орынсыз сының, өкпең де,
Кешігіп жетер көктемге.
Қызықтың бәрі алдыңда,
Өкінбес болар өткенге.

Тапсын деп әркім керегін,
Бермейді мезгіл дерегін.
Қыс біткен күні әйтеуір,
Білеміз көктем келерін.

Көкейге бастан қонбаған,
Көп жайға көңіл толмаған.
Ақындар – жалғыз қашанда
Ақында дос көп болмаған.

Тереңдеп қазып үңілген,
Сен емес жалғыз түңілген.
Жолбарыс жүрек батыр да
Тұрмыстан түпсіз жеңілген.

Жолында дайын құрбанға,
Өлең-жыр назар бұрғанға.
Ханда жоқ қазына сенде бар,
Қаламың аман тұрғанда.

Таппаған дерттің сен емін,
Қайыры бар деп сенемін.
Жазмыштың жолы бұралаң,
Ешкім де білмес себебін.


Пікірлер (1)

Шавкат

мағыналы

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақынды жұбату өлеңінің авторы кім?

Қонақбай Саттаров (Қожа-Нияз) — осы өлеңнің авторы.

Ақынды жұбату өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақынды жұбату өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қонақбай Саттаров (Қожа-Нияз) өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақынды жұбату өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар