Көзiңдегi бiр мұңды
- 0
- 0
Көзiңдегi бiр мұңды,
Көңiлiңдегi кiрбiңдi
Өшiргiм келдi,
Көшiргiм келдi өзiме.
Бұл бетте «Бұйырмаған ғашығым» атты Эльдар Ишберген жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көзiңдегi бiр мұңды,
Көңiлiңдегi кiрбiңдi
Өшiргiм келдi,
Көшiргiм келдi өзiме.
Лебiзiңе сенiп ем шырын, майда,
Кешегi айтқан уəдең бүгiн қайда?
Келiссек те кергiмей, керi кетiп,
Келмей қойды-ау дүние бiр ыңғайға.
Үкi емес, тақияңа бұлт қонғандай,
Арбалып əуезiңе жұрт қалғандай.
Һаронның ханшалары қасыңа ерiп,
Һайямның бал шарабы ұртталғандай...
Ағашқа қаққан сынадай
Арамызға енiп нең бар, Қыз?
Жай бiлгiң келсе сұрамай –
Жаратқан жалғыз, мен жалғыз!
Қыпша белiң қылдырықтай,
Омырауың бұлдырықтай.
Бұйра толқын қара шашың
Ай тығылған түнгi бұлттай.
Ернiм бара бередi ерiнiңе,
Ерке сезiм ес-түссiз емiнуде.
Алпыс екi тамырың иiгендей
Сен де бейғам бейiлсiң берiлуге.
Тоғжан
Өлең маған ұнады.
Жазбай
Жазайм
Жазбай
Жокк
Мақсат
Адамды ойландырады және біржақты махаббаттың ауырлығы мен шынайылығын сезіндіреді. Ал негізінде не көп адам көп, біреу болмаса біреу, ең бастсы адамға ешқашан тәуелді болмау керек, өзіңді дамытып, мықты бола түсу керек, неғұрлым мықты болсаң соғұрлым таңдауың кең болады, адамдарға байланбау керек, өз құныңды білу керек
Айжан
Жақсы