Ұрпаққа өсиет
Жисаң да қанша байлықты,
Қалар бәрі бір күні.
Адамдықты сақта әрқашан,
Сол өмірдің шын құны.
Жақсылық қып өтсең сен,
Жұрт айтар сені үлгілі.
Жанын беріп өсірген,
Ардақта, ата-анаңды!
Қатеңді де кешірген,
Болсын деп ұрпақ саналы.
Қадірле біл тіріде,
Қадірле әрбір ғұмырды.
Бүгін бар да ертең жоқ,
Асылдардың сынығы.
Дос таңдасаң таңда адалын,
Жолда тастап кетпесін.
Жалған күлген жұрт ішінде,
Адал досың көп дерсің.
Дос болып тек жиында,
Сөз айтып қана дем беріп,
Қиын күні қасыңнан
Табылмаса дос несін.
Нәпсі деген ерме тұлпарға,
Тізгін берсең адасар.
Сабыр қылып, ақыл қос,
Тура жолың табылар.
Құл болу күнә нәпсіге,
Ерсең оған жоқ амал.
Автор: Оразбай Сарыбаев
- Есбол Бозан
- Виктор Франкл
- Оразбай Сарыбаев
-
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі