Махаббат үйленген соң басталады – Гүлмекен Қасенбай

Бұл бетте «Махаббат үйленген соң басталады» атты Гүлмекен Қасенбай жазған махаббат туралы өлең берілген.

Махаббат үйленген соң басталады,
Татулық қиындықты басқарады.
Сыйласып, сабыр еткен жұптар ғана -
Қарттықты қарсы алуға аттанады..

Махаббат - ақ отаудың шамшырағы,
Үлкеннің ақ батасы, ар тұрағы.
"Ұзағынан болғай" - деп, бұл қуаныш,
Аналардың көзіне жас тұнады.

Махаббат​ - құдалардың татулығы,
Жастарға басу айтқан, ақыл үні.
Жас отаудың түтінін түзететін​ -
Туыстардың риясыз жақындығы.

Пәк махаббат баршаға тілейін мен,
Құт, бақыт келсін үйге ақ келінмен.
Мың шүкірлік айтамыз, Жаратқанға,
Біздерге дәл сіздердей құда берген!

Гүлмекен Қасенбай
11.11.2021


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар