Шатасу – Корней Чуковский

Бұл бетте «Шатасу» атты Корней Чуковский жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Мысықтар айтты түңіліп:
«Жалықтырды мяулау!
Торайлардай біз де енді,
Жүрейік бір қорсылдап!»
Ал үйректер айтады:
«Біз де бақа секілді,
Ән саламыз не түрлі!»
Шошқа айтады: Мяу, мяу!
Мысық айтты: Хрю, хрю, хрю!
Үйрек айтты: Ква, ква, ква!
Тауық айтты: Кря, кря, кря!
Торғай айтты: Му-у-у!
Аю айтты: Ку-ка-ре-ку!
Көкек келді секіріп:
Ит болуға бекініп: Гав, гав, гав!
Қоян ғана саспады,
Секірмеді, қашпады.
«Өздеріңше сөйлеңдер,
Қайтесіңдер басқаны?
Мен айтпаймын өтірік,
Құр бекерге көпіріп.
Шатастырып барлығын,
Қалмаңыздар өкініп».
Қаздар айтты: Га-га-га!
Мысық айтты: Мур-мур-мур!
Құстар айтты: Чик-чирик!
Жылқы айтты: И-и-и!
Шыбын айтты: Ж-ж-ж!
Бақа айтты: Ква-ква-ква!
Үйрек айтты: Кря-кря-кря!
Торай айтты: Хрю-хрю-хрю!
Орманда аю, Баю-баю!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шатасу өлеңінің авторы кім?

Корней Чуковский — осы өлеңнің авторы.

Шатасу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шатасу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Корней Чуковский өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шатасу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері