Бұл бетте «Анашыма арнау» атты Меруерт Битикеева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.
Анашым, бүгін сенің туған күнің,
Жүрегімнен шыққан тілек - шынайы үнім.
Бес қыздың бақыты боп жанған тұлғаң,
Біз үшін ең аяулы, асыл күнім.
Үйіміздің шуағы да, сәні де,
Сен бар кезде болады оның мәні де.
Өзің жоқта, босап қалар бір әлем,
Жылу кетер жүректердің бәрінен.
Ана бізді әлпештеп, ақ сүт беріп өсірді,
Қандай болмас біз жіберген қателікті кешірді.
Көрінеді жанарыңа түскен әрбір әжімде,
Мәпелеген, аялаған бес қызыңның есімі.
Әкеміздің сүйікті жалғыз жарысың сен,
Мәңгілік қамқор, асқар тауысың сен.
Күн демей, түн демей-ақ шаршамайсын,
Бәріне үлгеретін - дарасың сен.
Қонақ келсе - күлімдеп қарсы аласың,
Құшағыңа сыйдырып әр баласын,
Әркез көмек көрсетуге дайын тұрар,
Сұрағанға ақылшы сен ғанасын.
Айтамын мақтанышпен мен асыра,
Анамдай жан бір рет келер бұл ғасырда,
Сұлулық пен мейірімің дарығанғой,
Нағашы ата-әжемнің арқасында.
Сен - абырой, сен - намыс, сен - тірегім,
Сен бар кезде соғады нық жүрегім.
Қандай қиын сәт туса да алдымыздан,
Сен шешесің қорықпай, бұл - білерім.
Білем, ана, сенің де бар армандарың,
Кішкентай бала көңіл, талғамдарың.
Қуанышты ету мәңгі қалауымда,
Ата берсін тек нұрланып ақ таңдарың.
Қолыңнан бәрі келер, сен - мықтысың,
Шынайы сенімімсің, шабытымсың.
Бұл өмірде сендей жан жоқ, болмайды да,
Отбасының ұйытқысы, жақұтысың.
Анашым, сен бар кезде жоғалмаймын,
Дауыл соқса - сынбаймын, құламаймын.
Мейірімің бәрімізге пана-қорған,
Аман жүрсең, басқа ештеңе сұрамаймын.
Сен мұңайсаң - мұңаямын мен бірге,
Ашулансаң - жан таппаймын мен мүлде.
Жанарың да, жылуың да өзіңнің,
Бейнең сенің тұр ғой мына жүзімде.
Ұзақ болсын ана сенің ғұмырың.
Қуаныштан құралсын тек өмірің,
Жасара бер, жайнай бергін мәңгілік,
Сүйеді сені менің сәби көңілім!
- Тест
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Стив Джобс
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі