Жарлылар ұйымының жетісі – Ілияс Жансүгіров

Бұл бетте «Жарлылар ұйымының жетісі» атты Ілияс Жансүгіров жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Тұрмысы толғап,
Теңдігін қорғап,
Ашылдың ұйым жетісі.
Тарихта тұңғыш,
Бірінші қуаныш
Бұл жетінің өтісі.
Жетілерің көркейсін,
Жетімдерің үлкейсін.
Бірігіп ауыз,
Жойылып жауыз,
Құтты болсын жиының,
Тұрмысқа тұтқа,
Ұйтқы боп жұртқа,
Қуатты болсын ұйымың!
Болсын ұйым дуалы,
Жойылсын жұдырық-жуаны!
Басыңды жиып,
Қасыңды тыйып,
Жанданса жарлы ұйымың,
Ашылып мерей,
Қосылып кедей,
Теңесе көппен иығын.
Теңестірген кеңесің
Кіргізбей ме ел есін.

1921 жыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жарлылар ұйымының жетісі өлеңінің авторы кім?

Ілияс Жансүгіров — осы өлеңнің авторы.

Жарлылар ұйымының жетісі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жарлылар ұйымының жетісі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ілияс Жансүгіров өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жарлылар ұйымының жетісі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері