Бұл бетте «Ауылға келдім» атты serikovernar2009 жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ауылға келдім, қайдасың туыс, бауырлар,
Күтеді мені өзенің, көлің, тауың бар.
Қаладан сонау қуалап келіп ауылға,
Төбемнен төніп төгіліп кетсін жауындар.
Ауылға келдім, қайдасың менің ғашығым,
Сағынып кеттім айтайын сөздің ашығын.
Бозарған тамның түпкірде бөлме тұсында,
Әкеңнен біздер тұрушы едік жасырын.
Сағынышыңның шомылдым менде хауызына,
Қайтемін енді, төзімді менде таусылған.
Әшкере етіп үй жаққа итің үргенде,
Тепкім келетін үшкір етікпен аузынан.
Ғашығым күтер, басып алайын мауқымды,
Даланың сыры өлеңге ашқан зауқымды.
Ауылға күнде келе бермеймін ағайын,
Атыңды міңгіз күніңде мынау айтулы.
Қос жанар батып Қостерегімнің кешіне,
Маужырай басып қара түн келді төсіме.
Ауылым неге танымай мені тұрғандай
Түнерулісің жатырқап жанды несіне
Ауылда тудым, ауылда өлем ендеше,
Ашшы ақиқат, сүре бер сенгің келмесе.
Шабысым дара, шаңыңнан шабыт алғанмын,
Махаббатымсың алмайтын ешкім теңдесе,
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі