Мен москва қолтығында – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Мен москва қолтығында» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 1966
Мен қазір Москваның қолтығында,
Жүземін Москва өзен толқынында.
Жүйткідім көктен түсіп, жер астымен,
Кеудеме кең ауасын толтырдым да.
Қақты да қыран құстай жыр қанатты,
Менімен Лермонтовтар бірге ақты.
Пушкин тұр бұйра шашын ағартуға
Көп жауған көне қарлар қия алмапты.
Москва — қонақтайтын қонысы ойдың,
Москва — отаны ғой Толстойдың.
Солармен табиғат бір туыстырды,
Демеспін мені олардан алыс қойдың.
Қарсы алып Москваның жаңа күнін,
Еркіндеп кең көшеде барады інім,
Сен оның кеудесіне,
зердесіне
Мол құйдың Лениннің даналығын.
Бұрқырап жатса-дағы жалындарың,
Ешкімге басыңды иіп табынбадың,
Білеміз бір кездерде күлкі болып,
Есінен Наполеон жаңылғанын.
Сонау бір қиын соғыс күндерінде,
Шыққанда екі дүние бірме-бірге.
Сыпырып қара түннің кіреукесін
Көтеріп түрдың сонда күнді өмірге.
Өзіңде талай рет болғаныммен,
Москва,
көз тоймайтын арманым ең.
Айналып аспаныңнан бір сүйейін,
Қазақтың аңқылдаған ақ жанымен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен москва қолтығында өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Мен москва қолтығында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен москва қолтығында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен москва қолтығында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері