Алматы дәптерінен – Төлеген Меллат

Бұл бетте «Алматы дәптерінен» атты Төлеген Меллат жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Гоголь көшесі.
Вознесенский храмы.
Бір диуана қуарып,
Сипалақтап қызылкүрең құлағын,
Күмбезіне күн сап қарап тұр әлі.
Өлкесінің исі сіңген шығарды ол,
Сөмкесінен «алтайские травын».

«Інішегім, тиер мұның күнде емі,
Мох, грибы, хна, плющ бұл» деді.
Жусан, изен, рауғаш, тас па білем мен,
Туған жерің, туған жерім бір дедім.
Крестке қонақтаған қара құс,
Ұшып келіп қонды қадам ілгері.

Шәрпісінің жаспен дымдап етегін,
«Алтай…» деді ол жөткірініп, жөтеліп.
«Алтай, – деді, – сағынышым түсінсең,
Жүрмін оны иығыма көтеріп».

Создым қолды, жақынбыз һәм бөтенбіз,
Қабағын бір қағып қалды сетер күз.
Қара құсқа қарай бердік жалтақтап,
Сағынышты сатып алып екеуміз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар