Ұшып келем – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Ұшып келем» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 4698
Ұшып келем қанатпенен ел берген,
Қыран таулар, құлан дала, белдерден.
Алабүйрек, ақ таңдақты жерлерден,
Шулы теңіз, бота көзді көлдерден.
Бір кішкентай торғайы боп көгімнің,
Ұшып келем аспанында елімнің.
Бабам айтқан бақыт құсы секілді,
Ұшып келем асқарында өмірдің.
Жел еседі делебесі қозғандай,
Бұлт бетіне бір өлеңді жазғандай,
Келіншек тау көк орманын көтеріп,
Көрінеді маған қолын созғандай.
Шығуына шексіз-шетсіз егіннің.
Мол болғаны қандай жақсы жеріңнің.
Ұша берсең ұшы-қиыры көрінбес,
Кең болғаны қандай жақсы көгіңнің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұшып келем өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Ұшып келем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұшып келем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұшып келем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері