Ажал сөзі – Ибрагим Иса

Бұл бетте «Ажал сөзі» атты Ибрагим Иса жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бәрі алдамшы, өмірдің өтеріне,
Сенсең болды жалғанның бекеріне.
Жолыққанды жіберем жүндей түтіп,
Қорыққанның жабысам етегіне.
Жарға жығам ойсызды жетекке алып,
Демегендей әлсіздің қолтығынан.
Үрейшілді көргенде рахаттанып,
Аярлардың аламын алқымынан.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері