Оқжетпестің түбінде – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Оқжетпестің түбінде» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 1942
(Ғаббас Жұмабаевқа)
Түбіне Оқжетпестің бір түнедім,
Көз жасым жаңбыр болып жыр тіледім
Күмбірлеп көкірегімде керемет күй
Аспандай аласұрып күркіредім.
Бұлт төнген төбесінен баспалатып,
Томсарып тұра қалған тастар қатып.
Арасын жер мен көктің жалғастырып,
Жіберді алтын найза аспан атып.
Көктастар көлге шөгіп мұнарланған,
Әскердей тұра қалды құралданған.
Көзінің аясындай Бурабайды,
Қандай жау алады деп күмәнданған.
Қоршаған көп таулардың сұсы басып,
Басылды аспан біраз ұшқын шашып.
Күрілдеп көкірегі тына қалды,
Біткендей Бурабаймен күш сынасып.
Күн шыға кешірім деп көлге келіп,
Айналып аспан тұрды дөңгеленіп.
Мен тұрдым көкке қарап, көлге қарап,
Кеудемді жаңбыр шайған желге беріп.
Құстардай қиқу салып шулап айдын,
Көрсетті көк жүзіне тулап айбын. .
Оятты жартастарын жағадағы,
Тебіскен толқындары Бурабайдың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Оқжетпестің түбінде өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Оқжетпестің түбінде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Оқжетпестің түбінде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Оқжетпестің түбінде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері