Түркістан жотасы – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Түркістан жотасы» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2780
Ақ мақтадай басын жапқан ақша қар,
Орта Азия ортасында ақсақал.
Түркістанның алашұбар жотасы
Тұрды қарап тілегендей сәт-сапар.
Ерте тұрып жан-жағына алақтап,
Қарай қапты басын иіп ол аппақ.
Үйіріліп түсіп жатты қара бұлт
Асқарына ақ моншақ боп қонақтап.
Қалың елді бауырына ап қылыштың,
Ауыр қолы өткен мұнда Шыңғыстың.
Ақсақ Темір айқайын да естіген
Көпті көрген қариясы Шығыстың.
Тілі болса айтар еді ол егер,
Өксіп одан өткен талай кемеңгер.
Шеберлердің мұнарада басы қап,
Ат үстінен ауып түскен өлеңдер.
Белеңінде тұнжыраған күн суық,
Төменінде гүлін жарған тіршілік.
Жас анарлар жапырағын жайғанда,
Қауашақтан қарағандай күн шығып.
Бұлбұл етіп бақшасына қондырып,
Бізбен бірге түске дейін жол жүріп,
Қала берді Түркістанның жотасы,
Белі талған қариядай болдырып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түркістан жотасы өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Түркістан жотасы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түркістан жотасы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түркістан жотасы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері