Азербайжан ағайын – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Азербайжан ағайын» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2988
Жерді, желді, белді, көлді құшақтап,
Азербайжан, жеттің бізге жыр сақтап.
Жеттің бізге дауыл болып, жауын боп,
Низамидің көз жасымен бұршақтап.
Аралайды ерте тұрып жер жүзін,
Бірі көкте, бірі суда егіз күн.
Баку — Бақы — жел қаласы деген сөз,
Желпіп өтер, желі қандай теңіздің!
Сонау Ширван сусымалы құмдары,
Киров үнін бір кездерде тыңдады,
Баку, сенде Персияға бармай-ақ,
Есениннің туды нәзік жырлары.
Мұнаралар теңіз бойлай тігіле,
Күзетшідей тұра қалған іңірде.
Бірін-бірі қуалаған шабақтай,
Миллион жұлдыз жатыр Каспий түбінде.
Онша үлкен болмаса да көлемі,
Азербайжан таудың елі, көл елі.
Азербайжан, Азербайжан, ағайын,
Тағы сені құшып сүйгім келеді.
Араласып толқындардың шуына,
Түскім келді асау Каспий суына.
Азербайжан, Азербайжан, ағайын,
Қосқым келді тағы сені жырыма.
* * *
Ағынды, ақын, сағынсаң,
Каспийге барып ағын ал.
Дауылды, ақын, сағынсаң,
Каспийге барып дауыл ал.
Төңкерілген көк кесе,
Теңіздің тұнық кезінде.
Жырлауға тілің жетпесе,
Обалың, ақын, өзіңде.
Теңізде ойнап көрмесең,
Теңізді сырттан жырлама.
Өлеңге от боп енбесең,
Өзгенің отын ұрлама!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Азербайжан ағайын өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Азербайжан ағайын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Азербайжан ағайын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Азербайжан ағайын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері