Ақанша – Иса Байзақов

Бұл бетте «Ақанша» атты Иса Байзақов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2441
Ортекедей орғытып мінген атын,
Көрсе көзің тоймайды салтанатын.
Тамаша,
Шаттанбайсың қалайша.
Отанымның жауынгер жұлдыздары.
Жауға бермес ерлерім мақтанатын.

Қайырмасы:
Ылғи жүйрік тұлпар аттай.
Мінгендері құйылтып,
Зулағанда атқан оқтай,
Ерлентеді сүйінтіп.
Жалындат, ерлер, жалындат,
Отан берік, елің шат.

Жау ұмтылса отанға, ду қайнайтын,
Қызыл әскер қырағы еш таймайтын,
Тамаша,
Шаттанбайсың қалайша.
Күлін көкке ұшырып фашистердің
Қызыл әскер ерлерім бет қайтпайтын.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақанша өлеңінің авторы кім?

Иса Байзақов — осы өлеңнің авторы.

Ақанша өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақанша өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Иса Байзақов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақанша өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері