Шағала – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Шағала» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.09.2018
  • 0
  • 0
  • 4628
Белгілі менің жатқа жақпайтыным,
Белгілі жат қақпасын қақпайтыным.
Белгісіз қай арада жол аяқтап,
Белгілі сендік сырды сақтайтыным.
Белгілі жүрек неге тасынғаны,
Белгілі жанның неге ашынғаны,
Белгісіз көзге күліп, сырттан көзеп,
Бір дұшпанның қанжарын асынғаны.
Белгілі, жас дәуренім кешетінің,
Ұрттаймын шетінен шарбат кесесінің.
Қиял шалқар теңселем жел қайықтай,
Шегі жоқ о шеті мен бұ шетінің.
Мейлі күлсін дұшпаным, табаласын,
Бұл жұртқа қай мінезбен жаға аласың.
Өмір — теңіз, жыр — дауыл, жағалауда
Ұшырып тұрсам болды шағаласын.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері