Ақ дариға

Бұл бетте «Ақ дариға» атты Иса Байзақов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.11.2015
  • 0
  • 0
  • 3472
Оқысаң өнер-білім қайнап тұрған,
Айнала алтын сәуле жайнап тұрған,
Жасырын жаратылыс сырын шешіп,
Жол ашық, төрт құбылаң сайрап тұрған.
Бауырлас барлық ұлттың балалары,
Даналық, социалистік алған нәрі,
Адымы күн-күн сайын алға өрлейді,
Күннен де жарық дейді жердің шары.
Алдыңнан сәулелі нұр төгіледі,
Миуа ағаш мың түрленіп егіледі,
Тұрмысқа социалистік жеткен үшін,
Машина ат орнына жегіледі.

***

Мінеки біздің бақша гүл жамылған,
Бұлбұлы бұта сайын әнге салған.
Алма ағаш, өрік, мейіз бәрі осында
Толықсып мәуелері пісіп тұрған.
Мөлдір су тастан орғып, таудан құлап,
Бұралып бақша сайын аққан бұлақ,
Бағамын әр бақшамды алтындай ғып,
Миуалы бақ қойнында біздің тұрақ.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақ дариға өлеңінің авторы кім?

Иса Байзақов — осы өлеңнің авторы.

Ақ дариға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақ дариға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Иса Байзақов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақ дариға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері