Ұшқан ұяда

Бұл бетте «Ұшқан ұяда» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3488
Төрт жыл жаумен атысқан,
Кезген тау, тас қиясын.
Келді жігіт батыстан
Іздеп ұшқан ұясын.
Не қыларын білмеді,
Баса алмады күйігін.
Құлап түсіп діңгегі
Күлі жатыр үйінің.
Шаң боп ұшып кетіпті,
Жасыл гүлдер — таныс бақ.
Соғыс басып өтіпті,
Табанымен жаныштап.
Айрылды бар күшінен,
Көкіректе шер тұнып.
Үндемеді ішінен
Көпті көрген жер тынып.
Ал аспан ше —
Аспан да
Қарауытты күрсініп.
Тек қана бір жас талда,
Уілдейді тіршілік.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұшқан ұяда өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Ұшқан ұяда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұшқан ұяда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұшқан ұяда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері