Нева толқындары – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Нева толқындары» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2377
Сонау түнек заманда
Еркін құлаш соза алмай.
Тұрды Пушкин жағаңда,
Нева, сенен көз алмай.
Мың адамның кескіні
Арпалысып ойыңда.
Жүрді Гоголь кешкілік
Нева, сенің бойыңда.
Түстің қиын күндерде
Төсегіңнен мың аунап.
Жүрді Блок түндерде,
Нева, сенен жыр аулап.
Жырдан үлес мол алдың
Дей алмассың олқым бар.
Ойлары ғой солардың
Төсіңдегі толқындар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Нева толқындары өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Нева толқындары өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Нева толқындары өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Нева толқындары өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері