Қиял – Cырбай Мәуленов

Бұл бетте «Қиял» атты Cырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 1
  • 7706
Мың құбылып өзгересің күніне,
Түсінуге қиын сенің тіліңе.
Көкке барып бұлт үстінен секіріп.
Сүңгисің сен тұңғиықтың түбіне.
Тұңғиықтан тағы атылып шығасың,
Шың басына шырқап дабыл ұрасың.
Өзен судың сылдырынан су ұрлап,
Орман үнін, таудың тілін ұғасың.
Дүниеге кең жайылып құлашың,
Кейде күміс сағымдарды қуасың.
Тыншымайсың, түн ұйқымды төрт бөліп,
Бір күй болып құлағыма тұнасың.
Сенсіз менде сырсыз, жырсыз бос кеуде,
Қалар ұқсап өмір оты өшкенге.
Сендей жақын серіктікке жарамас,
Бұл дүниеде доспын деген еш пенде.
Сенсіз менде көбелекпін қанатсыз,
Мүгедекпін көмек күткен тағатсыз.
Қурап ұшқан қу еменмін теңселіп,
Жапырағын алып кеткен талап күз.


Пікірлер (1)

Айдана

Өте керемет

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қиял өлеңінің авторы кім?

Cырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Қиял өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қиял өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Cырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қиял өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері