Бестау бауырында – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Бестау бауырында» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2051
Аспанға сырлы жебедей
Шаншылып қалған көк таулар.
Толқынға батқан кемедей
Бұлттарға батпай тоқтаңдар!
Сүйгендей таңғы сәулені
Ғашықпын, таулар, сендерге.
Қарағай исі, тау желі
Тулайды менің кеудемде.
Бүршігін шашып ұшқындап,
Тулайды шипа суларың.
Өлеңім мұнда күш шыңдап,
Шулайды ұйқас, ырғағым.
Денеге қонған ем болып,
Сулары нәрлі, жер бұл құт!
Кавказда таңғы жел болып,
Ұшып жүр Демон-Лермонтов!
Айтады оның өлеңін
Өзен мен орман таңғы шақ.
Кавказдың шолып көлемін,
Тұрады ол сонау тауға ұсап.
Келеді ол асқақ жырменен
Жылдарды аттап қиырдан.
Музаны ол көзге ілмеген
Муза оған қайта сыйынған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бестау бауырында өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Бестау бауырында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бестау бауырында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бестау бауырында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері