Есентуки таңы – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Есентуки таңы» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 1702
Табиғаттың бал бөбегі,
Ойнап көктің бұлтын атып,
Боз ат мінген таң келеді
Ала тозаң бұрқыратып.
Шымқай қызыл шұғылаға,
Шомылады таныс таулар.
Бетін беріп құбылаға
Мүлгиді тас арыстандар.
Тұр Бестаудың таныс шыңы,
Ел барады су ішуге.
Ала бүршік — таң ұшқыны
Стаканның тұр ішінде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Есентуки таңы өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Есентуки таңы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Есентуки таңы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Есентуки таңы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері