Әжелер – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Әжелер» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 5420
Ұйықтатып ұясының барша жанын,
Кеш жатып, қарсы алып таң самалын,
Әжелер немересін құшып-сүйіп,
Сезбейді бойы ауырлап шаршағанын.
Тыңсынып тұла бойы ауырса да,
Дел-сал боп түн ұйқыдан жаңылса да,
Үйінің босағасын биіктетіп,
Бәйек боп шырқырайды жанын сала.
Білдірмей өз басының ренішін,
Өзегі өртенеді біреу үшін,
Секілді халықаралық дипломат
Тындырып үй ішінің жүреді ісін.
Күтеді қонақ келсе жайраң қағып,
Тұрасың сабырына қайран қалып...
Өмірде қайыспайтын о, әжелер,
Сол күшті жатырсыңдар қайдан алып?
Кетерін білсек те ертең түнек жұтып,
Кей кезде оттың басын түлен түртіп,
Қатырып бастарыңды айқай-шумен
Сендерді аламыз-ау ренжітіп.
Болса да шүйке кемпір — ұлы өзі,
Қалпынан айнымайды бір мінезі.
Ырысы, от басының берекесі,
Баяғы бабалардың тірі көзі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әжелер өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Әжелер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әжелер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әжелер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері