Тоқай бейітінің басында

Бұл бетте «Тоқай бейітінің басында» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2239
Қан мұздады,
Тән сыздады,
Тартты кенет бой салғырт.
Тарс жабылды:
Қиял қақпа,
Ой сандық.
Кеттің, Тоқай,
Өттің, Тоқай,
Жүректерде жаңғырып.
Еңіреді ел,
Тебіренді жер,
Қара жаңбыр жауды бұлт.
Болды келте,
Батты ерте
Жас өмірің базарлы,
Аңыратып,
Қанжылатып
Кете бардың Қазанды.
Өшті жылдар,
Өсті жырлар-
Ұзарды жас ғұмырың.
Қайта ояндың,
Қайта қондың
Биігіне тұғырдың.
Тоқай малай,
Абай бабай
Өлмейтін жан екеуің,
Бірің ойда
Бірің қырда-
Жүректерде мекенің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тоқай бейітінің басында өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Тоқай бейітінің басында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тоқай бейітінің басында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тоқай бейітінің басында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері