Солдат қасығы туралы баллада – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Солдат қасығы туралы баллада» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3320
Жанарынан ең соңғы жасы тамып,
Жығылды ол Карнаттан асып барып,
Жолдастары жіберді анасына
Солдаттың қонышындағы қасықты алып.
Қасіреттің қара оты қанында ұйып,
Қарт ананың жайлады жанын күйік.
Ұзақ тұрды мұнартқан тау тәрізді
Қарапайым қасықтың сабын сүйіп.
Ойға батты қиялмен, тау, құзды асып,
Майданды да інарлады қанды із басып.
Жан ұлының қалдырған бар мұрасы
Қолындағы қалайы жалғыз қасық.
Басталды екен майданра жолы қайдан,
Кім екеи бұл қасықты жонып ойған.
Жалғыз ұлы, дариға, атын жазып,
Жалғыз қасық сабына қолын қойған.
Сол жазулар тұрғандай сөз ғып ұлын,
Көк жиегін ашқандай көз нұрының.
Сол қасықтық сабынан сезінгендей
Баласының оты мен өз жылуын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Солдат қасығы туралы баллада өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Солдат қасығы туралы баллада өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Солдат қасығы туралы баллада өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Солдат қасығы туралы баллада өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері