Жиырма екінші биіктік

Бұл бетте «Жиырма екінші биіктік» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2480
Тартыстағы тағдырдай,
Тұрды қабақ түйіп бұлт,
Қасарысты алдырмай,
Жиырма екінші биіктік.
Бастырмады бір қадам,
Биік жерден жау атып.
Айнала оқ бұрқаған,
Болмайтындай дауа түк.
Жанған жалын ұйытқып,
Ақ борандай ақ түтек.
Жиырма екінші биіктік,
Жүргізбейді оқ түтеп.
Жер беті азан-қазандай,
Өзіне жат өз демі.
Пулеметтің ажалдай,
Қарайды от көздері.
— Алға,— деді лейтенант,
Алдарыңда ауыр жол.
Өлді жайсаң не талант,
Қамалды алды қалың қол.
Енді жаудан тығылмай,
Көтерілді иық тік.
Тұрды ерлікке тұғырдай
Жиырма екінші биіктік.
* * *
Күркірейді тасқын сел,
Көктен нөсер тұр құйып.
Жаңбыр көзді жас гүлдер
Жерден шықты қылтиып.
Сол гүлдерден шаң ұшқан,
Күн нұрындай керемет.
Жас ағашқа жабысқан
Секілді олар көбелек.
* * *
Сілкініп дала таулары
Ашылды гүлі бақшаның.
Құстар соған арнады
Жүректегі жақсы әнін.
Қыс аяғын күрмеген,
Бойын жазды шымшықтар.
Көктем желі үрлеген
Би билейді сыңсып тал.
Қызған еңбек қайда да
Толастамай тоқырап.
Қара толқын айнала,—
Қара мақпал топырақ.
Қызғалдақтар — қызыл ту,
Жерде жүзген қызыл бұлт.
Егістікте ызы-қу,
Қимылдары қызу жұрт.
* * *
Шайқалады көк айдын,
Шүпілдеген шарадай.
Арасында тоғайдың
Оқ сияқты көкке атылған қарағай.
Құшағында бұлдырайды күз бұлттың,
Тырналардың көлеңкесі тәрізді,
Бу атады омырауы күздіктің
Ақ тұманмен орап алып аңызды.
Бұлттың мұнда тамбай өтті қай жасы,
Жаңбыр суы сонау жасыл желектер.
Желк-желк еткен батырлардың найзасы
Секілденіп бой көтерген теректер.
* * *
Омырауын ашып тастап желге өткір,
Самарқанда діріл қағып жидек тұр.
Жер жемісін көтере алмай ауырлап,
Аспан мөлдір сәулелермен сөйлеп тұр.
Келе жатқан көнерместен көп ғасыр,
Регистанның келбеті әлі көк жасыл.
Бірақ, бірақ, бүгінгі күн құлпыртқан,
Самарқанның жібегінен жоқ асыл.
Кешкі ормандай жібектің сан өрнегі,
Бұтағында сайраған көп құстары.
Елестейді жас қыздардың меңдері,
Сып-сып еткен нәзік саусақ ұштары.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жиырма екінші биіктік өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Жиырма екінші биіктік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жиырма екінші биіктік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жиырма екінші биіктік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері