Кетті «қонақ» келді шашып үйді

Бұл бетте «Кетті «қонақ» келді шашып үйді» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 573
Кетті «қонақ» келді шашып үйді,
Істі болды сосын ол басы қилы.
... Көп ұзамай етігін қолына алып,
Аяғына жаңалап мәсі киді.
Құрып қалмас тұқымы – қарға сиреп,
Айта алмаймыз әлі де арға түйреп.
Біліп жүрміз, ләм демей тырбынамыз,
Доңғалағы байланған арба сүйреп.
Құтырынад ішімде қасқыр ұлып,
Түсіп қалды арбадан басқұр, уық.
Шаңырағы тек қана дағарадай,
Құлата ма деп қорқам қас қып ұрып.
Тілден безген жексұрын жаны ауырмас,
Қолтығына су бүркіп самауыр бас.
Арқасынан қағады әпендінің,
Қолшоқпары болған соң, әрі ауылдас.
... Өте ересен бітіпті шыдам маған,
Мәсі киіп біреу жүр сылаңдаған.
Ала-құйын сәттерде жан түсінбес,
Түлкі тонын шешкенін кім аңдаған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кетті «қонақ» келді шашып үйді өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Кетті «қонақ» келді шашып үйді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кетті «қонақ» келді шашып үйді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кетті «қонақ» келді шашып үйді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері