Мұса жәлел ескерткіші – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Мұса жәлел ескерткіші» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3746
Аяқ-қолы қыл арқанмен байлаған,
Тұр ол бүгін ескерткішке айналған.
Көгершіндер төбесінде ұшады
Тірі қалған қиялындай майданнан.
Ет жүрегің түскендей-ақ бір аунап,
Көргеніңде көз кетеді тұмандап.
Гете туған, Гейне туған сол жерде
Кім ақынды ұстады екен бұғаулап?!
Ажал, ажал, азу тісі сақылдап,
Жөнелгенде дарға асуға ақынды ап,
Тау жарылып, атылмады неге өзен,
Неге жасын түспей қалды шатырлап?!
Ақындарды болады жер айдауға,
Дарға асып, жалғыз оқпен жайғауға.
Аймен туып, күнмен бірге шығатын,
Ал өлеңін күш жетпейді байлауға.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мұса жәлел ескерткіші өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Мұса жәлел ескерткіші өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мұса жәлел ескерткіші өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мұса жәлел ескерткіші өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері