Ардагер азаматтар – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Ардагер азаматтар» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2498
(Жазушылар одағында ескерткіш тақта ашылғанда)
Қызыл өрт, қырғын соғыстар,
Темір жел, қызыл от желдер,
Азынап ажал оғы ұшқан
Жамылған түтін көк пен жер.
Аспаннан аққан жұлдыздай,
Мезгілсіз кеткен шығын боп,
Жер гүлін өлген жұлғызбай,
Пулеметтерге тығын боп.
Оттарды құшақтап қапсыра
Өздері ұшқан оқ болып,
Танкінің түсіп астына,
Жарылған қанды кек болып.
Салюттей даңқы жер жарған,
Қалың ел қазақ мақтаны,
Аттары болған елге арман,
Ардагер азаматтары.
Телегей-теңіз жас болып,
Күңірентті қаза хаттарың,
Қалдыңдар шөгіп тас болып,
Жауынгер азаматтарым.
Еңіреген есіл боздақтар,
Қиылған ерте қыршындар,
Оранып ақ бұлт — гүлдерге
Ескерткіш болып тұрсыңдар.
Жандыңдар қайта күндіз боп,
Көтерді биік даңқты ел.
От шашты қызыл жұлдыз боп,
Ойылған тасқа әріптер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ардагер азаматтар өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Ардагер азаматтар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ардагер азаматтар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ардагер азаматтар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері