Сергей тюленин – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Сергей тюленин» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 1917
Құлаққа ажал үні келіп,
Әлем-тапырық соғыстың күлі көміп,
Қуарып, гүлі семіп,
Краснодон кетті кенет күңіреніп.
Қаланың қақырады қабырғасы,
Өртенді қарлығашы,
Айналды, тас қамалға Краснодон
Қолына қару алды кәрі-жасы.
Түн. Ел ұйқыдан оянбаған, Таң атуға таяу қалған.
Краснодон үстінде Қызыл ту —
Жанады жел өтінде аяулы арман.
Бір күш бар қас дұшпанды қалтыратқан,
Оны іздеп таба алмайды атыраптан,
Жау жатқан үйге тиді ирелеңдеп,
Жалаңдап жалын тілі жапырақтан.
....Шынықты ол қап-қара дауылда өсіп,
Лапылдаған, шатырлаған жалын кешіп.
Еріне деген елдің махаббаты
Гүл болып желкілдейді қабірде өсіп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сергей тюленин өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Сергей тюленин өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сергей тюленин өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сергей тюленин өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері