Береке мен бақ тұнған шаңырағым – Файзоллаева Ақтолқын

Бұл бетте «Береке мен бақ тұнған шаңырағым» атты Файзоллаева Ақтолқын жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.03.2016
  • 0
  • 0
  • 2707
(№ 4 облыстық мектеп−интернатымыздың 50 жылдық мерей тойына арнау)

Интернатым...
Толғанғанда сен жайлы
Таңғалдыртып, тамсантып
Қақтырарсың таңдайды

Еңсең биік,тұлғаң өр,
Абыройың ересен
Айналайын мектебім
Жарасар саған не десем

Сен жайлы жазсам деп ем мен бір өлең,
Ашылмаған аралдайсың сен бір әлем
Сан жылдар өтсе дағы бір басыңнан
Шәкірттерге сезімің ақ мөлдіреген

Құт қонған берекелі шаңырағым,
Қиналғанға қорған болған тұрағым,
Әр ұлттың балаларын басын қосып,
Бір отбасы баласындай боламын.

Интернатым сегіз жылдық боп құрылған,
Бағытымен сауапты іске бұйырған
Ғасыр дерті атанған өкпе ауруын,
Алдын – алу мақсатымен құрылған

Мерейтойың құтты болсын сән құрған,
50 жылың жүректерге ән болған,
Ұл –қыздарың ризалық пәк тілекпен
Шашу етіп тойыңа жыр арнаған

Айтамыз алғыс еңбек еткен әр жанға,
Үміттеріңізді жетелейміз тек шыңға,
Шаршамағын,құлашыңды кеңге жаз,
Құлпыра бер,гүлденіп жылдан –жылға!...

Атырау қаласы
№4 облыстық мектеп-интернатының
5 в сынып оқушысы: Файзоллаева Ақтолқын
Жетекшісі: ағылшын тілі пәні мұғалімі
Ундаганова Гүлназ Алпысбайқызы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Береке мен бақ тұнған шаңырағым өлеңінің авторы кім?

Файзоллаева Ақтолқын — осы өлеңнің авторы.

Береке мен бақ тұнған шаңырағым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Береке мен бақ тұнған шаңырағым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Файзоллаева Ақтолқын өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Береке мен бақ тұнған шаңырағым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар