Туған жер – Байжанова Альбина

Бұл бетте «Туған жер» атты Байжанова Альбина жазған туған жер туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

О, туған жер! Топырағыңнан айналайын,
Байтақ өлкем мен сені аймалайын.
Қастерлі алтын бесік, атамекен,
Мен саған басымды иіп, сиынайын.

Жасыл бақ орманыңды аралайын,
Мөп-мөлдір суыңа мен шомылайын.
Бұлбұлдай үніңді бір естігенде,
Мен де бірге қосылып, бір шырқайын.

Таза, мөлдір ауаңмен тыныстайын,
Қуат алып, жүрегіммен жылынайын.
Жадырап, жан амалы тербелгенде,
Жайраңдап, рақаттана нұрланайын.

Сен үшін бар нәрсені жаратайын,
Сенің әрбір дүниеңді қызықтайын.
Туған жерді сүймеген адамды мен,
Өмір бойы кешірмей, жазалайын.

Хош иісті гүлдеріңмен жадырайын,
Құшағыма қысып ап таранайын.
Сен әлпештеп өсірген балаң едім,
Күш- қуаттан әрқашан нәр алайын.

Әнім саған әрқашан арналатын,
Жырым "сен" деп күнбе-күн жырланатын.
Басыма бір қиындық туған кезде,
Құпиямды өзіңе ашып, сырласатын.

Туған жер мен өзіңді ардақтайын,
Бір сен үшін барымды мен жыр қылайын .
Туған елім- гүл-көктем, алтын мекен,
Міне, менің бүгінгі айтар жайым.

Ақтөбе облысы,Мұғалжар ауданы,
Ембі қалалық №7 орта мектебінің
10 «б» класс оқушысы Байжанова Альбина
Жетекшісі: Жулаева Шатгүл Бақытқызы


Пікірлер (6)

лейла

оте жаксы шыгырасыз.Ризамын

лейла

Керемет жазгансыз.

Толғанай

Көпқой

Аяжан

өте көп екен

Ернұр

Керемет

Назар

Өте жақсы шыққан ақын екенсіз

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Туған жер өлеңінің авторы кім?

Байжанова Альбина — осы өлеңнің авторы.

Туған жер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Туған жер өлеңі не туралы?

Бұл шығарма туған жер туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Туған жер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері