Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Жолдас ағайға

Бұл бетте «Жолдас ағайға» атты Гүлсана Тілеубекова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.05.2016
  • 0
  • 0
  • 2378
Қалса да біраз жас барып,
Ауылды жүрсіз басқарып.
Қиындық көрсе қымсынып,
Көрмеген ешбір жасқанып.

Шыққан ғой бәрі ауылдан,
Қаймана қазақ қауымнан.
Байыпты басшы жоқ бізге,
Еңбекпен әркез ауырған.

Пір тұтып әркез сізді біз,
Келешек жасқа үлгі қып.
Жыр жазып бүгін отырмын,
Жүрекке мынау сыр тұнып.

Ауылды жүрсіз басқарып,
Өмірде мынау қас-қағым.
Еңбекке баулып жастарды,
Ұмыттың әсте шаршауды.

Гүлзарлы алтын ауылың,
Жарқырап жарқын жалының.
Құрметтеп жүрсін сізді ылғи,
Басқарған өзің қауымың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жолдас ағайға өлеңінің авторы кім?

Гүлсана Тілеубекова — осы өлеңнің авторы.

Жолдас ағайға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жолдас ағайға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гүлсана Тілеубекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жолдас ағайға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері