Сүйе бергін – Медеу Демеу

Бұл бетте «Сүйе бергін» атты Медеу Демеу жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.05.2016
  • 0
  • 0
  • 3130
Бал татырып таңдайға жиелі ернің,
Сүй жаным, сүйші, сүйші сүйе бергін.
Есім ауып Ләззаттан кетсем егер,
Құлап барып өзіңе сүйенермін.

Сүйші әйтеуір, сүйші бір құмарланып,
Кетсін бір сәт көз алдым тұманданып.
Ерніңнен ес жиып емделейін,
Тек өзіңе жүректен жыр арналып.

Құшағыма ен, армансыз аймалаған,
Тіршілігін тәрк етіп айналаның.
Сүйші кәне шөліркеп келгендей бір,
Құлыңа тек бір сенің айналамын.

Қалмасыншы ақыл –ой, есімде түк,
Ғашықтықтың білем мен несін жетік.
Сүйші, жаным, сең соққан шабақтай боп,
Жатайында жансыздай есім кетіп.

Сүйші, сүйші, құшақтап құмарланып,
Менменсіген масаңдау мысымды алып.
Рахаттан айналсын басым менің,
Айыра, алмай, өңім бе, түсім бе, анық?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сүйе бергін өлеңінің авторы кім?

Медеу Демеу — осы өлеңнің авторы.

Сүйе бергін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сүйе бергін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Медеу Демеу өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сүйе бергін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері