Өлең, жыр, ақындар

Үмiт-көңiл

  • 19.07.2016
  • 0
  • 1
  • 3691
Қиял, шiркiн, самғай да алар ендi,
Мұңлы ой бiртiндеп санаға ендi.
Отыз асты, сонда да тұрмыс құру,
Баяғыша арман боп қала бердi.

Қасиетiн iздеумен бiлiктi ердiң,
Бойжеткен боп еш қамсыз жүрiп келдiң.
Жиырмасында, шiркiн-ай, көздi арбаған
Қаламады бiрiн де жiгiттердiң.

Өмiр, шiркiн, қарамады берi күлiп,
Оралта алмас жас күнiн керi жүрiп.
Қиялында өзiнше жасап алған
Терезесiн қақпады серi жiгiт.

Сағыныштың естiлер далада әнi,
Кеше емес пе еді мұны да бағалары.
Сөз сап жүрген соңында жiгiттердiн
Азайыпты-ау бұл күнде қаралары.

Мұң күйiнiң бұған да бұрды ма әнi?!
Қыз жүрегi кеуденi ұрғылады.
Сырласатын бiр кеште, мұң басатын
Ұзатылып кетiптi-ау құрбылары.

Уақыт қалай орнында тұрсын ендi,
Лүп-лүп соғар жүректiң дүрсiлi ендi.
Қызметтен келгенде байқатпастан,
Анасы да үн-түнсiз күрсiнедi.

Махаббаттың шалынбай көзге аспаны,
Болмаған соң жанында сөз бастары.
Төсегiнде бiр суып, бiр ысынып,
Жастығына тамады көз жастары.

Мұңлы күйдi шертедi дала тынбай,
Жалғыздықтан сол өшiн алатындай.
Тоқта, тоқта, әлдекiм терезенi
Тық-тық етiп ақырын қағатындай.

Қиял, шiркiн, қайтейiн, тылсым екен,
Көңiл-жүйрiк шешiлмес бiр сыр екен.
Қыз жүрегi алданды, терезенi
Тырс-тырс соққан жаңбырдын тырсылы екен.



Пікірлер (1)

АЙЖАН ОМИРТАЕВА

ОТЕ КЕРЕМЕЕЕТ!

Пікір қалдырыңыз

Жас ұстазға тілек

  • 0
  • 1

Талабыңмен танып білген ілімді
Қолдандың да ұстаз болдың бүгінгі.
Жүрегіңді білім нұрға билетіп,
Жүрсің дағы шәкіртке сыр үйретіп.

Толық

Тәуелсіздік

  • 0
  • 2

Туғызып ұлы арманның ұлы күнін,
Дегендей әр қазақтың бүгіні – Күн,
Келіп еді мойындатып күллі әлемге
Текті елдің тағы да бір ұлылығын.

Толық

Агент-әуен

  • 0
  • 0

Mail-дан почта ашылушы еді,
Есімде пароль сөздері.
Бір ару соған асығушы еді
Нұр шашқан қара көздері.

Толық

Қарап көріңіз