Өмірдің желе-жортағы – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Өмірдің желе-жортағы» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.07.2016
  • 0
  • 0
  • 9773
Өмірдің желе-жортағы
толтырып шаңмен қолқаны,
тілдегенменен ортаны,
адамның бәрі өлердей
жалғыз қалудан қорқады.
Тұрса да мәңгі шам жанып,
самайы терлеп, сандалып,
біреуді іздейді қарманып,
жалғыз қалғанда
сөнердей
дүниедегі бар жарық.
Жалғыздық бейне жаман бай,
қамшымен қақтап сабардай,
мысық пен итке адам бай,
жабырқау жалғыздығыңнан
құтқарып солар қалардай.
Талпындың, адам, қашанда
көппенен ғұмыр жасарға,
қаншама тыпырласаң да,
қолында қатқыл құрығы
серігің тұрар тасаңда.
Жан-жағың толы жас бала,
жақының, жарың, жақсы аға,
кенде еместейсің досқа да,
бәрібір, адам, құлсың сен
жалғыздық атты патшаға!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмірдің желе-жортағы өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Өмірдің желе-жортағы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмірдің желе-жортағы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өмірдің желе-жортағы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері